ТАРИХИ ЖЕҢІС! ТАМИРЛАН ТІЛЕУЛЕС — АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!
СДЮШОР №8 түлегі Тамирлан Тілеулес Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өткен XX жазғы Азия ойындарында таеквондо WT бойынша алтын медаль жеңіп алды! 🥇
Финалдық бәсекеде Тамирлан Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосаны 2:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл жеңіс — спортшының табандылығының, жылдар бойғы еңбегінің және жаттықтырушылардың қажырлы жұмысының нәтижесі.
Біз үшін бұл жетістіктің орны ерекше. Тамирланның үлкен спорттағы жолының қалыптасуына СДЮШОР №8 мектебінде алған спорттық дайындығы мен тәжірибесі де өз үлесін қосты.
Түлегіміздің осындай биік белесті бағындырып, Қазақстанның көк туын халықаралық аренада асқақтатуын мақтан тұтамыз!
Сондай-ақ Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлын алматылық спортшының осындай тарихи жетістігімен құттықтаймыз! Алматы спортының мерейі үстем болып, жеңісті күндеріміз көбейе берсін!
Тамирлан, тарихи жеңісің құтты болсын! Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!




