SC.Dostar Altai Taekwondo Championships-те

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен таеквондодан Altai Taekwondo Championships өз мәресіне жетті.

Біздің SC.Dostar клубының спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетті:

🥈 Ересектер арасында, 58 кг — Тлеулес Тамирлан
🥇 Жастар арасында, 68 кг — Абдукаримов Алидар

Спортшыларымызды, олардың ата-аналарын және жаттықтырушылар құрамын жоғары нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз! Әрдайым биік белестерді бағындырып, көк туымызды әлемдік ареналарда желбірете беріңіздер!