Семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдесі

Үндістанның Нью-Дели қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты аяқталды.

Табанды күресте ҚР әйелдер құрамасы құрметті 3-орынды 🥉 иеленді. Құрама сапында Алматы қаласының спортшысы — Дарья Самоделкина өнер көрсетті.

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын қола медальмен шын жүректен құттықтаймыз! Мақтанамыз және алдағы уақытта жаңа жарқын жеңістер тілейміз!