Алматы қаласы Спорт басқармасының «№8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Мектеп қызметінің негізгі пәні Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Өз қызметінде мектеп келесі міндеттерді шешуге шақырылады:
а) балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жаппай тарту
б) балалар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру
в) спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету, дарынды балаларды анықтау және оларды дарынды балаларға арналған мектеп–интернаттарға беру.
Мектептің негізгі бағыттары мен міндеттері:
«№8 ОРМБЖМ» МКҚК қызметінің мәні мен мақсаты спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Жоғары білікті спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.
- Алматы қаласының спорт түрлері бойынша құрама командаларына қабылдау үшін үміткерлерді дайындау
- Бекітілген оқушылар контингентімен оқу-жаттығу сабақтарын және оқу-жаттығу жиындарын өткізу.
- Қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуды қамтамасыз ету.